БҰРҒЫЛАУ БАҒАНЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҒЫН МОДЕЛЬДЕУ

2024

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.58805/kazutb.v.1.22-289
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада мұнай-газ өнеркәсібінде қолданылатын бұрғылау бағаны қозғалысының математикалық моделі құрылып, неғұрлым аз шығынмен, бағана қозғалысының орнықтылығын сақтайтын тез және өнімді нәтижеге қол жеткізетін параметрлер шамалары анықталды. Жоба барысында тік ұңғымадағы бұрғылау бағанасының төменгі жағы екі жүктеменің: осьтік жүктеме күш және бағананың өзіндік салмағы әсерінде болатын модель қарастырылды. Қарастырылып отырған модель көпөлшемді, периодты, бағана орнықтылығына әсер ететін бірнеше параметрлерді қамтиды. Көпөлшемді модельдің күрделігіне байланысты Бубнов-Галеркиннің айнымалыларды бөлу әдісі арқылы модель екінші ретті қарапайым дифференциалдық теңдеулер жүйесіне келтірілді. Математикалық модельдің шешімін ішінара іріктеу әдісін арқылы шығарып, C++ бағдарламалық тілі мен Matlab қолданбалы бағдарламалық пакетінде есептеулер жүргізе отырып, графикалық нәтижелер алынды. Бұрғылау бағанасының тұрақтылығының өзгерісін бұрғылау моделінде кездесетін әртүрлі параметрлердің мәндерін өзгерту арқылы өзара салыстыстырулар жүргізіліп тиімді шешімі қарастырылды. Бұрғылау бағанының параметрлерінің тербеліс амплитудасына әсеріне талдау жүргізілді. Айналу жиілігі мен бағана ұзындығының айтарлықтай әсері анықталды.