Аннотация
Мақалада ғалым, ұстаз Есмұхан Жанұзақ Мұхитұлы туралы және саналы ғұмырын Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті «Сызба геометрия және инженерлік графика» кафедрасының еліміздегі жоғары-техникалық оқу орындарының ішінде көшбасшысы ретінде қалыптасуы мен дамуына көп еңбек сіңіргені, соның ішінде сызба геометрия мен инженерлік графика ілімін дамытудағы еңбектері жайында баяндалады.