Қазақстан Республикасының органикалық ауыл шаруашылығы өнімдер нарығын дамытудың аймақтық аспектілері

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2789-4320-2024-1-30-49
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Нарықтық экономиканы дамытудың қазіргі экономикалық парадигмасы, оның құрамдас бөліктерінің бірі органикалық ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудің, сатудың және тұтынудың әдіснамалық ережелері, теориялық тұжырымдамалар мен азық-түлік нарығының қолданыстағы тәжірибесіне негізделген, қазіргі қоғамның өзіндік «мәдени бірегейлігінің белгісі» болып табылады. Қазіргі әлемде көптеген адамдар салауатты өмір салтын ұстанғысы келеді және экологиялық таза, органикалық тағамдарды тұтұнғысы келеді. Органикалық өнімдер халықтың көптеген топтарында сұранысқа ие бола бастады, осыған байланысты дәстүрлі азық-түлік нарығының жаңа сегменті - органикалық ауыл шаруашылық өнімдерінің нарығы пайда болды және белсенді дамуда. Қазіргі кезеңде ауыл шаруашылығын ұйымдастырудың және жүргізудің екі негізгі әдісі бар: органикалық, табиғаттың табиғи ресурстарын пайдалануға негізделген және химиялық. Ауыл шаруашылық өндірісінде бейорганикалық ресурстардың көпшілігін пайдалану қоршаған ортаға, ал өндірілген өнімдер арқылы адам денсаулығына теріс әсер етеді. Бұл факт соңғы төрт-бес онжылдықта органикалық ауыл шаруашылығының қайта жандануының басталуына себеп болды. Органикалық ауыл шаруашылығы өнімдерінің органикалық азық-түлік нарығын ұйымдастыру мәселесі қазіргі Қазақстан үшін өзекті болып табылады. Қалыптасқан жағдайдың себептері: халық тұтынатын азық-түлік сапасының қолайсыздығы; қоршаған ортаның ластануы; ауыл шаруашылығында органикалық технологияларды әзірлеу мен қолданудың жеткіліксіздігі; қайта өңделетін өнімдердің құрамына зиянды қоспаларды енгізу болып табылады. Елдегі аймақтарда қолда бар ресурстық және ғылыми әлеуеттер бүкіл әлемде жоғары сұранысқа ие экологиялық таза азық-түлікті ірі көлемде өндіру және өткізу үшін мүмкіндіктер туғызады.