Анемиясы бар жүктілерді семіздік пен қабынудың гематологиялық маркерлерінің байланысы

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.37800/rm.1.2024.60-66
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Өзектілігі: Семіздік – бұл денсаулыққа зиян келтіретін майдың қалыптан тыс немесе шамадан тыс жиналуы. Көптеген зерттеулер семіздіктің қабынуға әкелетінін және жүктіліктің нашар нәтижелерін тудыратынын көрсетті. Біздің зерттеуде біз жүктілік барысында қабыну гематологиялық маркерлері мен семіздік арасындағы байланысты зерттеуді мақсат еттік.Зерттеудің мақсаты – анемиясы бар жүкті әйелдердегі қабынудың гематологиялық маркерлері мен семіздік арасындағы байланысты бағалау.Материалдар мен әдістері: Зерттеулер Қарағанды қаласындағы облыстық клиникалық аурухана базасындағы перинаталдық орталықта жүргізілді. Зерттеуге 2021-2022 жылдары перинаталдық орталыққа түскен 92 жүкті әйел қатысты. Медициналық ұйымның электронды мұрағатындағы пациенттердің клиникалық деректеріне ретроспективті талдау жасалды. Барлық тексерілген әйелдер 4 топқа бөлінді: 1-топ (n=25) – іс жүзінде дені сау (семіздік пен анемияcы жоқ жүкті әйелдер); 2 топ (n=22) – семіздігі болмаған анеми- ясы бар жүкті әйелдер); 3-топ (n=23) – анемиясы болмаған семіздігі бар жүкті әйелдер; 4-топ (n=22) – семіздігі және анемиясы бар жүкті әйелдер.Нәтижелері: Перифериялық қанның гематологиялық маркерлерін егжей-тегжейлі салыстырмалы талдауымыз барысында гемоглобин, эритроциттердің тұну жылдамдығы (ЭТЖ), лимфоциттер, таяқша ядролық нейтрофилдер және эозинофилдер параметрлері бойынша топтар арасында (p>0,05) статистикалық маңызды айырмашылықтарды көрсетті. Манна-Уитни критерийі бойынша жұптық тексеру барысында 3 және 4 (семіздігі бар жүктілер) топтарында бірқатар гематологиялық көрсеткіштердің мәндері: эритроциттер, тромбоциттер және гемотокрит бойынша эквивалентті болып шықты. Сонымен қатар, лейкоциттер, таяқша ядролық нейтрофилдер, лимфоциттер және эозинофилдер деңгейі де 3 және 4 топтарда (семіздігі бар әйелдер) 1 және 2 топтағы әйелдерге (семіздігі жоқ әйелдер) қарағанда жоғары болды (p<0,05 ).Қорытынды: Қабыну үрдісін көрсететін гематологиялық көрсеткіштер (лейкоциттер, нейтрофилдер және лимфоциттер) іс жүзінде дені сау (семіздігі мен анемияcы жоқ) және анемиясы бар жүкті әйелдер топтарына қарағанда семіздігі бар топтардағы жүкті әйелдерде жоғары нәтижелер берді. Бұл жүкті әйелдердегі қолайсыз акушерлік және неонаталдық нәтижелерді болжауға мүмкіндік береді.