ХVІІ ғасыр француз әдебиетіндегі Жан Лафонтен мысалдарының маңызы

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48081/ashq5784
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақала француз әдебиетінің көрнекті өкілі Жан Лафонтеннің шығармаларының маңызын пайымдауға арналған. ХVІІ ғасырдағы француз әдебиетіндегі мысал жанрының дамуы Жан Лафонтен мысалдары негізінде қарастырылады. Француз қаламгері сол дәуірде мысал жанрын жоғары даму сатысына көтергендігі, оның реалистік және демократиялық бағытының айқындығы нақты шығармалары арқылы талданады. Мысалдарының идеялық бағытын, кейіпкерлерді суреттеудегі қаламгер шеберлігін, өзіне тән ерекшеліктерін саралау арқылы сол кезең әдебиетіндегі жазушының өзіне тән қасиеттерін жоққа шығаратын, мысалдардағы халықшылдық рухқа және реалистік дамуға кедергі болған, табиғат пен адамның қадір-қасиетіне дұшпан, шынайы өмірді мойындамайтын діни-аскеттік саясатына қарсы сыни көзқарасты бағалауға талпыныс жасалады. Мақалада Жан Лафонтен туындыларының негізгі табиғаты сипатталып, мысалдарының ерекшеліктері айтылады. Қаламгер мысалдарындағы тақырып пен мазмұн және сыншыл көзқарастар талданады. Жан Лафонтен мысалдарының ХVІІ ғасырдағы француз әдебиетіндегі орны, құрылымы, даму деңгейі қарастырылады, олардың әрқайсысына сипаттама беріледі және қолдану әдістері сараланады. Мақалада мыcaл жaнрындағы aдaмгeршiлiк, гуманизм мәceлeлeрi, қoғaм кeлeңciздiктeрi мeн мoрaльдық мәселелер көтеріледі. Мақалада сонымен қатар Жан Лафонтен шығармаларының өзінен кейінгі әдебиетке тигізген әсері де пайымдалған. Кілтті сөздер: мысал жанры, әлеуметтік сатира, гуманистік идеялар, реалистік характер, классицизм эстетикасы.