Жасанды интеллект мәселелері: философиялық талдау

2023

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7255-2023-144-3-167-177
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Жасанды интеллект – кибернетика ғылымы дамуының шыңы деп ұғынуға болады. Қарапайым есептеуіш машиналардан бірден-бір басты ерекшелік жасанды интеллекттің күрделі алгоритмдер нәтижесінде сыртқы ортадан келіп түсетін ақпаратпен жұмыс жасауында және біртекті операцияларды орындаумен қатар, ойлау мүмкіндіктерін талап ететін сұраныстарға жауап бере алуында. Яғни, қарапайым машинаға нақты алгоритмдер жүктеліп, солардың орындалуы талап етілсе, жасанды интеллект өзі жобалау алады. Оның жобалау мүмкіндіктері бүгінгі таңда қоғамның түрлі салаларында, айталық экономика, қаржы сияқты бағыттарда қолданылып келеді. Осы арада философиядағы классикалық мәселелер өзектілігі артады. Яғни, адамзаттың болашағы қандай болмақ? Жасанды интеллект қоғамды алға тартушы күш пе, әлде адамзатқа айтарлықтай қауіп төндіріп тұрған бастама ма? Мақалада әр түрлі көзқарастар зерделене келе, авторлар тарапынан жасанды интеллекттен бас тарту енді мүмкін болмаса да, оның қолдану аясын этикалық тұрғыда бірнеше рет терең бағамдау қажеттілігіне назар аударылады. Мақалада жасанды интеллект саласындағы жетістіктерге қатысты философиялық дискурстар зерделенеді. Әдіснамалық, этикалық, эпистемологиялық сипаттағы мәселелер қарастырылды. Жасанды интеллектті жетілдіру, оның заманауи адамзат болмысындағы ролі мен орны, қоғам өміріндегі маңыздылығы сияқты сұрақтар шеңберіндегі зерттеушілердің пайымдары, болжамдары сараланды. Әрине, жасанды интеллект дамуы нәтижесінде өрбитін тәуекелдер назардан тыс қалмайды. Сондықтан, мақаланың негізгі арнасы өзекті дискурстарды талдауға бағытталған. Жасанды интеллект тақырыбына қатысты категориялық аппарат, оның дамуы туралы бірқатар сценарийлер автор тарапынан сарапталды