ОРМАН ӨРТТЕРІН БОЛЖАУҒА АРНАЛҒАН ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖҮЙЕСІ

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51452/kazatu.2024.1(120).1592
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Зерттеушілер мен ғалымдар ұзақ уақыт бойы орман өрттерінің жай-күйін болжауға тырысты. Орман өрттерімен күресудің нақты және сенімді құралдарының қажеттілігі, оның негізгі мақсаттары әртүрлі ресурстардың жағдайын бақылау және оларды ұтымды пайдалануды, жоспарлауды және болжауды, қауіпсіздікті қамтамасыз ету геоақпараттық жүйеге деген сұранысты арттырды. Мақалада орман өрттерін алдын алу мақсатында қолданылатын географиялық ақпараттық жүйелер (ГАЖ), заманауи ақпараттық технологияларды пайдаланатын шетелдік бағдарламалардың ерекшеліктерімен «Семей орманы» МОТР» РММ аумағында қолданылатын неміс технологиясы «Fire Watch» сканерлік бейнебақылау құрылғысы туралы қарастырылған.Сонымен қатар, соңғы 15 жыл ішінде болып өткен орман өртінің ауданы және өрттен кейін болған орман алқаптарындағы екпе жұмыстарының нәтижесі көрсетілген(«Семей орманы» МОТР» РММ, Жаңасемей филиалы мысалында). Орман өрттерімен күресу жөніндегі ақпараттық жүйені құрудың негізгі мақсаты – орман өрттерімен күресудің тиімділігін арттыру. Өрттен кейін келтірілген шығын көлемін бағалау маңызды, соған орай ақпараттық жүйенің көмегімен қызметкерлер мобильді құрылғыларды пайдалану арқылы нақты уақыт режимінде зақымдануды картаға түсіріп, хабарлай алады. Мақалада негізгі ұсыныстар өртті сөндірудің тиімділігін арттыру мақсатында өртпен күресу үшін заманауи технологияларды белсенді қолдану болып табылады.