АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ ҚАРА ЖЕМІСТІ ЫРҒАЙ (COTONEASTER MELANOCARPUS FISCH. EX. BLYTT.) ЖЕМІСТЕРДЕГІ С ДӘРУМЕНІ ҚҰРАМЫ

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51452/kazatu.2024.1(120).1614
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Андатпа. Бұл мақалада қара жемісті ырғайдың (Cotoneaster melanocarpus Fisch. ex. Blytt.) С дәрумені (аскорбин қышқылы) бойынша фармакологиялық құндылығы туралы зерттеу ұсынылған Жемістер 2022 жылдың жазы мен күзінде Көкшетау (Зеренді ауылы) және Бурабай (Щучинск) мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтарында жиналды. Химиялық талдау ШЖҚ МКК «Болашақ сарайы»-ның биотехнологиялық зертханасында титриметрия әдісімен жүргізілді. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, қара жемісті ырғайдың жемістеріндегі аскорбин қышқылының мөлшеріне қара жемісті ырғайдың орналасуының географиялық факторы және жинау уақыты әсер етеді. Шикізаттағы С витаминінің максималды жинақталуына тамыз айының аяғында, қыркүйектің басында жетеді. С дәруменіне ең байы Ақмола облысының солтүстік бөлігінде, Зеренді кентінде, Щучье қаласында жиналған шикізат – 0,24%, ал дәріханалардан сатып алынған қара жемісті ырғайдың жемістерінде ол небәрі 0,14% құрады. Ағаштар мен бұталардың жемістеріндегі С дәруменінің салыстырмалы талдауы 90 мг/100 грамм аскорбин қышқылының мөлшері бойынша қара жемісті ырғай көшбасшыларының қатарында екенін көрсетті. Алынған мәліметтерге сүйене отырып, ағаш-бұта өсімдігінің көбеюі – қара жемісті ырғай (Cotoneaster melanocarpus Fisch. ex. Blytt.) экономикалық мақсаттарда үлкен маңызға ие және оның жемістерін пайдалану фармакологияда кеңінен қолданыла алады.