ҚАПШАҒАЙ СУҚОЙМАСЫ МЕН ІЛЕ ӨЗЕНІНІҢ ИХТИОФАУНАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51452/kazatu.2024.1(120).1626
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада Қапшағай суқоймасы мен Іле өзенінде мекен ететін балық түрлері және олардың су айдындарында таралу ареалы қарастырылған. Іле өзенінің гидрологиялық режимі, жерсіндірілген балықтардың санына әсер ететін экологиялық факторлар туралы мәліметтер келтірілген. Балықтардың саны мен қорын қорғау, өсімін молайту жөнінде қазіргі кезде жасалып жатқан жұмыстар жөнінде қарастырылған. Сонымен қатар Қапшағай суқоймасындағы сирек кездесетін және жойылу қаупі бар балықтар туралы да қарастырылған. Жасалған зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Қапшағай су қоймасы мен су қоймаға дейінгі Іле өзеніндегі сирек кездесетін және жойылу қаупі бар балықтардың популяциясы, таралуы, кездесу жиілігі анықталып, бұрынғы жылдардағы мәліметтермен салыстырылып, жағдайы бағаланды. Қапшағай суқоймасында 2022 жылғы 01 шілдеден 2023 жылғы 01 шілдеге дейінгі кезеңде балық аулаудың шекті рұқсат етілген мөлшері биологиялық сипаттамаларының көрсеткіштеріне және әрбір түрдің популяциялық құрылымының жалпы жағдайына негізделеді. Балықтардың жекелеген түрлері бойынша максималды рұқсат етілген аулауды бағалау кезінде тұрақты даму көрсеткіштері және сақтық шараларының қағидаттары ескерілді. Бұл ретте есептеуге негіз ретінде белгіленген немесе ұсынылған балық аулау шарасы, жетілген балықтардың жасы, сондай-ақ әрбір жас тобындағы жетілген балықтардың пайызы алынды.