Модальдық бірліктердің морфосинтаксистік аспектісі

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2024ph1/65-72
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақала қазақ тіл біліміндегі модальдылық мәселесін морфосинтаксистік тұрғыдан тарқатқан. Авторлар мақалада әлемдік деңгейлі ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, модальдық санаттың әр жақтылығын айқындау мақсаты қойылған. Нәтижесінде, тіл біліміндегі, оның ішінде қазақ тіліндегі, модальдық бірліктер түгенделді, олардың мағыналық сипаты, құрылымы мен жасалу жолы жаңаша көзқараспен жеткізілген. Әсіресе, ізденушілердің «есепті» сөзін тілдік қатарға тартып, оның модальдық бейнесін жасақтауы мақаланың ғылыми жаңалығы деп тануға көмектеседі. Мақаланың практикалық құндылығын М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы, І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы, Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе» романы сынды классикалық шығармалардан жинақталған мысалдар мен олардың салыстырмалы кестесі арқылы жасақтау айқындайды. Ал зерттеу әдістері ретінде осы мысалдарды жинақтау мен сұрыптау; қазақ тілі мен басқа тіл біліміндегі ғылыми тұжырымдарды саралау әрі бекіту және оларды теориялық тұрғыдан талдау саналады. Орыс, жалпытүркі және қазақ тіл білімдеріндегі ғылыми-теориялық тұжырымдар мен пікірлер тақырыпқа тартылған мәселенің салыстырмалы және салғастырмалы әдіс арқылы да ажыратылғанын көрсетеді.