ШАШЫРАНДЫ СКЛЕРОЗБЕН АУЫРАТЫН НАУҚАСТАРДЫҢ ЭТИКА-ДЕОНТОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.53511/pharmkaz.2024.51.76.019
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Шашыранды склероз (ШС) — қазіргі заманғы неврологияның өзекті мәселесі болып табылады. Бүгінгі таңда, ШС жиі таралған, оның ішінде жас, еңбекке қабілетті жастағы тұлғалардың денсаулығына зақым келтіретін және мүгедектікке ерте шалдықтыратын созылмалы ауру болып табылады. Ол науқастардың әлеуметтік белсенділігі мен олардың өмір сапасына жағымсыз әсер етеді. ШС ми мен жұлынның ақ затының зақымдануымен жүретін демиелинизациялық ауру. Соңғы жылдары әлем бойынша шашыранды склероз ауруымен ауырғандар саны 2,5 миллион адамнан асқан. Ал, елімізде соңғы 5 жылда жүргізілген нейровизуализациялық зерттеу әдістерінің нәтижесінде шашыранды склерозбен ауыратын науқастардың саны артқаны анықталды. ШС 20-40 жас аралығындағы адамдардарда кездеседі. Әйел адамдар ерлерге қарағанда бір жарым-екі есе жиі ауырады. ШС ауыратын науқастарың дене қозғалысы, жүру, сөйлеу және психикалық бұзылыстары мен когнитивті дисфункцияларға алып келеді. Сондықтан қазіргі таңда науқастарға үшін оңалту шаралары, деонтологиялық және этикалық мәселелерге аса көңіл бөлінуде. Оңалту шаралары шашыранды склерозбен ауыратын науқастардың басқа адамға тәуелділігін азайтады. Аурудың әсерінен науқастардың барлығы дерлік мүгедек болып қалу қаупі жоғары болғандықтан, науқасқа және оның отбасы мүшелеріне жан-жақты теріс әсер етеді. Атап айтар болсақ, мүгедектікке байланысты физикалық бұзылулар орын алып, қаржылық-экономикалық мәселелерден де қиындық туындайды, сонымен қатар әлеуметтік-тұрмыстық бейімделу бірден төмендейді. Қазіргі уақытта ШС ауруын түбегейлі емдеу мүмкіндігі болмағандықтан, мұндай науқастар үшін кешенді оңалту шаралары мен деонтологиялық және этикалық мәселелерге ерекше көңіл бөлу маңызды.