Аннотация
Жедел медициналық көмек саласындағы психоэмоционалды қауіп факторлары туралы әдеби дереккөздер тұрақты стресстің, травматикалық жағдайлардың және қызметкерлердің психологиялық әл-ауқатына жоғары жауапкершіліктің әсерін көрсетеді. Соңғы жылдары дамыған елдерде тек кәсіби қажу туралы ғана емес, сонымен қатар жұмысшылардың кәсіби психоэмоционалды қажу синдромы туралы жиі айтады. Медициналық мекемелердің қызметкерлерінде қажу, шаршау мәселесі қызметкерлердің өзіне ғана емес, пациенттерге де қатысты болып отыр. Өйткені кәсіби қажу синдромының жоғарылауымен көрсетілетін көмектің сапасы төмендейді. Сонымен қатар өлімге әкелуі мүмкін қателіктер орын алуы мүмкін. Берілген ғылыми еңбекте жедел жәрдем қызметкерлерінің психоэмоционалдық жағдайына әдеби көздерді зерттей отырып, гигиеналық бағалау және олардың еңбек жағдайларын оңтайландыру шарттары талданады, жедел жәрдем қызметкерлерінің психоэмоционалды жағдайы туралы әдеби дереккөздер, сондай-ақ стрессті басқарудың тиімді стратегияларының қажеттілігі және денсаулық сақтаудың осы нақты саласындағы қызметкерлердің психоәлеуметтік әл-ауқатын жақсарту зерттеледі.