Бағалау концептісінің ағылшын және қазақ тілдері паремиологиясындағы көріні

2023

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2022-139-2-76-88
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бағалау концептісінің қазақ және ағылшын тілдерінің паремиологиялық жүйесінде көрініс табуын зерттеу және олардың ұлттық-мәдени уағдаластығын анықтау мақсатында мақалада аталмыш тілдердің мақал-мәтелдері этнолингвистикалық және танымдық тұрғыдан салыстырмалы-салғастырмалы түрде зерттелді. Бағалау/Evaluation концептісінің қазақ және ағылшын тілдері паремиологиясындағы орнын анықтау барысында біз паремиологиялық материалдарды тілдік қорға кіретін, сөйлеу дағдысында қысқа, тұрақты, халықтың көп ғасырлық тәжірибесі жинакталған, әдетте ырғақты ұйымдастырылған нақыл сөздер, кейде тура, кейде жанама түрде жеткізілетін уәждер деп түсінеміз. Сонымен бірге, мақалада когнитивтік лингвистиканың негізгі ұғымдарының біріне айналған концепт және оның семантикалық құрылымына талдау жасалды. Әлемнің құндылықтар жүйесіне енетін, ой мен шындықтың арасындағы қарым-қатынас барысында әр этностың өзіне тән құндылық жүйесін репрезентациялайтын бағалау концептісі құрылымы жағынан да, генетикалық жағынан да туыстығы алшақ қазақ және ағылшын тіліндерінде идиоэтникалық ерекшеліктерге ие.