Аннотация
ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІБІН ДАМЫТУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН БАҒАЛАУМақалада қазіргі жағдайда Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп саласының жағдайы талданып, одан ары дамытудың экономикалық және инвестициялық әлеуеті бағаланды.Жалпы ел экономикасында жеңіл өнеркәсіп әлеуметтік -экономикалық аса жоғары маңыздылыққа ие салалардың бірі болып табылады.Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бастап ұлттық экономикада ЖІӨ құрылымындағы жеңіл өнеркәсіптің үлесі шамамен 16 пайыз болса бүгінгі күні 0,2 пайызға дейін төмендеп кеткен.Мұндай елеулі құлдырау ұлттық экономиканың қалыптасуы мен дамуы үшін қосылған құны жоғары секторларға және өндіруші салаларға ұзақ уақыт бойы басымдылық берумен байланысты деп пайымдалды.Бүгінде, жеңіл өнеркәсіп халық шаруашылығындағы тоқыраудағы салалардың біріне айналуда.Алайда, осыған қарамастан, қазір де оны дамытуға жан-жақты әлеует бар, аса үлкен қажеттілік те бар екені анықталды.Шикізаттық кешеннен бастап, жұмыспен қамту, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және креативті экономиканы ынталандыру сияқты жиынтық әсері бар.Сонымен қатар, жеңіл өнеркәсіп саласының өнімдері тұрмыстық салалардың барлығында қолданылады және азық-түліктен кейінгі қажеттілік деңгейі жоғары сала болып келеді.Сондықтан, осы мақаланың негізгі идеясы ретінде қазіргі жағдайдағы Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп саласын дамытудың экономикалық және инвестициялық әлеуетін бағалау арқылы тиімді ұсыныстар жасау болып отыр.Мақалада, негізінен жеңіл өнеркәсіп саласының әлеуеті көрсетіліп, бүгінгі күні ұлттық экономикадағы орны анықталады.Сонымен қоса, зерттеу соңында авторлар ЖІӨ құрылымында жеңіл өнеркәсіп саласының үлесі азайғанымен жаңаша инвестициялық тәсілдер арқылы экономикалық әлеуетін арттыру мүмкіндігі қарастырылды.Кілт сөздер: жеңіл өнеркәсіп, қосылған құны бар өнімдер (тауарлар), инвестициялар, инвестициялық әлеует, экономикалық бағалау, шағын және орта бизнес, бәсекеге қабілеттілік, экспорт, импорт, экономикалық әртараптану.