Тілдік санадағы биологиялық уақыт (тарихи жырлар негізінде)

2018

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2023-144-3-80-88
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада фольклор жанры, оның ішінде тарихи жырлардың тілін антропоөзектік бағытта зерттеу негізге алынды. Тарихи жырлардың тілін когнитивтік аспектіде қарастыру арқылы ұлтымыздың болмысын тануға болады. Себебі тарихи жырлар ұлт тарихынан, сол кезеңдегі маңызды оқиғалардан ақпарат береді. Мақаланың мақсаты – тарихи жыр мәтіндері негізінде «биологиялық уақыт» көрінісін анықтау. Мақаламызда «уақыт» концептісінің биологиялық көрінісін айқындауда тарихи жыр мәтіндерінен алынған тілдік бірліктерге талдау жасалды. «Уақыт» ұғымының тарихи жырлардағы көрінісі талқыланды. Жұмыста биологиялық уақыт көрінісін зерттеушілердің теориялық мәліметтеріне сүйене отырып, тарихи жырларда берілуі жолдары айқындалды. Аталмыш уақыт ұғымын беруде жыр кейіпкерлерінің, яғни батырдың өмірге келуі, ер жетіп, жауға аттануы, хан болуы секілді сызықтық уақыт сипаты көрініс тапты. Жастық/кәрілік лексикондары антонимдік қатынасты білдіріп, бірі өмірдің бастауы (жастық) болса, енді бірі (кәрілік) өмірдің шегі ретінде алынды. Сонымен қатар тарихи жырдағы батырлар, билер үшін жастық шақ өміріндегі ең маңызды кезең екені анықталды. Тарихи жырдағы уақыт та ұлттық таным-түсінігімізбен ұштасып жатқаны байқалды. Мақалада биологиялық уақыт сипаты балалық шақ, жастық шақ, ағалық шақ, қарттық шақ деген кезеңдерге бөлініп қарастырылды.