Әшекей бұйым атауларының сөзжасамдық сипаты

2018

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2023-144-3-100-110
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Әшекей бұйымдар – бұл ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан, бізге атадан балаға мұра етіп қалдырылған ұлттық өнер туындысы, дәстүрлі және халықтық өнердің сарқылмас көзі. Халық қолөнері қандай болмасын оның тарихы әлеуметтік құрылымымен, әдет-ғұрыптарымен, салт-дәстүрлерімен өрілген. Зергерлік бұйымдар – бойында көркем образдардың өзіндік ерекшелігін мұқият сақтаған жәдігер және қанша ғасыр өткеніне қарамастан, ол ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде беріліп келеді. Бұл өнер біздің ұлттық мәдениетімізде ерекше құндылықтар болып қана қоймайды, сонымен қатар бір жағынан, тіліміздің бай лексикалық қорынан орын алады. Екінші жағынан-рухани, философиялық, эстетикалық көзқарастар көрсеткіші ретінде өскелең ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуде, халық шығармашылығын, дәстүрлерді меңгеруде өте маңызды. Біздің ұлттық мәдениетіміздегі қолданбалы өнер халқымыздың тарихының, оның ұлттық бірегейлігінің, дүниетанымының үйлесімді дамуын көрсетеді. Зерттеудің мақсаты – зергерлік бұйым атауларының сөзжасамдық сипатын ашу. Мақалада осы мақсатқа сай талдау жасалады, соның негізінде зергерлік бұйымға қатысты аталымдардың көпшілігі аналитикалық тәсіл арқылы жасалғаны дәйектеледі. Біздің тілімізде кейбір әшекей атаулары сирек қолданылатындықтан көнерген сөздер қатарынан орын алатын жағдайлар бар, кейде олардың мағынасын тек мәтін шеңберінде түсінуге болады. Сондықтан сәндік бұйым атауларына лингвистикалық талдаулар жасаудың маңызы зор екендігі айтылады.