Алаштың «23 жоқтауы» - азаттықты жоқтау рәмізі

2018

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2018-125-4-76-85
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада өнердің бір түрі ретінде әдебиеттің әрі эстетикалық, әрі идеялық мақсат-міндеті бар екені қарастырылады. Көркемдік – сезім мен талғамға негізделсе, идея – ұлт, халықсұранымынан, мүддесінен бастау алады. Қазақ әлімсақтан екі дүниенің (бұл дүние және бақи дүние) обал-сауабын, жауапкершілігін терең түсінген. «Бұ дүние – о дүниенің алдындағы баспалдақ»деп санап, марқұмдардың рухы (аруағы) алдында есеп беріп отырған. Қайтқан адамды ақтық сапарға шығарып салу ерекше дәстүр ретінде орныққан. Бұл имани жоралғының поэтикалық көрінісі– жоқтау. Большевизм жылдары Алаш зиялылары қазақ жоқтауларын жеке жинақ («23 жоқтау»)етіп шығарып, Қазақ елінің дамуы мен бостандығы үшін күрескен тұлғалардың тарихи орнын байыптата алған. Сырттайғы формасы «халық мұрасы» болып көрінгенімен, ішкі мазмұны «азаттықтыжоқтау» екенін тұспалдай білген. Бір қызығы, осы «23 жоқтау» жинағын Мәскеуде даярлап шығаруға А. Байтұрсынұлы мен Ә. Бөкейхан қатар атсалысқан екен. Ішіне төрт ғасырдың арман-мұраты,қайғы-мұңы, намыс-шері енген еңбекті – «азаттықты жоқтаудың рәмізі» деп сеніммен айта аламыз.