Аннотация
Эпостардың барлық жанрларындағы маңызды категориялардың бірі – батырлардың ерлігі мен олардың дұшпандарына қарсы күресі болып табылады. Дәуір алмасуына, тарихижағдайларға қарай, дұшпан бейнесінің берілуі де заманмен бірге өзгеріске ұшырап отырды. Еңалғашқы көне эпостарда батырлар негізінен мифтік кейіпкерлермен ғана жауласқан болса, уақытөте келе тарихи оқиғалардың дамуына байланысты жаулары да шынайы қасиеттерге ие образдарғаауысады. Уақыт өте келе жезтырнақ, құбыжық, төбекөз, мыстан кемпір, айдаһарлар сынды образдарды батырдың жері мен отанына қауіп төндіретін, жау образындағы адамдар алмастыра бастайды. Оларды негізінен көне мифтік бейнелер, зооморфтық кейіпкерлер, туыстас, бірақ жауласыпжүрген ру-тайпа өкілдері, қалыңдық үшін бақталастыққа түскен қарсыластар, құрайды. Мақаладаархаикалық және батырлық эпостағы бас кейіпкерлермен күресуші образдардың түрленуі мен дамуы жан-жақты қарастырылады. Эпикалық кейіпкердің бейнесін жасаудағы көне сюжет пен мотивтердің рөлі сипатталады. Көне эпостағы қаһарман қарсыластарының түрлері айқындалады.