Аннотация
Сарыарқа бейнесі қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында маңызды орын алады. Бірнеше жүзжылдықтар бойына ол далалық өлкенің автохтонды көшпелі жұртының территориялық тұтастығы мен ұлттық бірлігінің рәмізі болып келді. «Сарыарқа» топонимінің шығу төркінімен мазмұны туралы түрлі ғылыми пайымдар кездеседі. Бұл мақалада ХV-ХХ ғасырлардағы қазақпоэзиясында Сарыарқа бейнесінің көркем көрініс табуы оның генезисі, эволюциясы мен трансформациясы аясында қарастырылады. Жарияланымда авторлардың поэзиялық шығармалары олардыңқоғамдағы әлеуметтік-саяси және мәдени-рухани өзгерістердің ықпалымен қалыптасқан дүниетанымдық ерекшеліктері тұрғысынан жан-жақты талданады.