Абай өлеңдері мәтіндерінің субструктурасы

2020

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2020-133-4-8-15
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада структурализм әдісінің негізгі принциптері, оның заманауи әдебиеттанудағы маңызы айтылады. Структуралистердің таңбалар жүйесіне қатыстытұжырымдары салыстырылып, жүйеленеді. Семиотик-структуралистердің тұжырымдары бойынша кез келген зат немесе құбылыс таңбалық құрылыммен танылса,әдеби көркем туындыда таңба рөлін сөз атқарады. Сөздің символдық мәні танытудатаңбалық құрылымды таныту маңызды болмақ. Осы тұрғыда суреткердің поэтикалық танымының сөз арқылы бейнеленуі назарға алынады.Қазақ поэзиясының үздік үлгісі санатындағы Абай өлеңдері мәтіндеріндегі символдықүлгілерді семиотикалық аспектіде қарастыру арқылы ақынның суреткерлік шеберлігінтаныту мақсат етіледі. Абайдың поэзиялық мұрасы дүниетаным мен поэтикалықтанымның мінсіз ұштасуының бірегей мысалы екендігі дәлелденеді. Көркем бейнелеудің озық үлгісіне айналып, кейінгі мәтіндерге сәулесін түсірген поэтикалық тіркестермен ұғымдар ақын өлеңдерінің әлемдік кеңістігі мен биік деңгейін айқындай түсетіндігі айқындалады. Өмірлік философияны, көңіл күй әуендерін символдық суреттеулерарқылы таныту ақынның көп өлеңдеріне тән екендігі мысалдар арқылы көрсетіліп,тұжырымдар жасалады