Аннотация
Мақалада антонимия құбылысы тіл-тілдің барлығына тән универсалды, тілдік, стильдік және логикалық табиғаты күрделі құбылыс екендігі және оныңтілдегі, көркем әдебиеттегі қолданыс аясы жайында баяндалады. Автор Ұлы Абайдыңшығармалары негігінде антонимиялық қарама-қайшылықтардың тілде және көркемәдебиетте тілдің эстетикалық сипатын жүзеге асыру мақсатында жиі қолданылатынерекше көркемдік құралдардың бірі екендігін жан-жақты сипаттаған. Аталмыш мақалада, сондай-ақ, сөз зергері Абайдың өзін қоршаған әлеуметтік ортаны, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, адамдардың түрлі мінез құлықтары мен іс-әрекеттерін сипаттауда тілдегі мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер мен сөз оралымдарын асаұқыптылықпен сұрыптап ала отырып, кеңінен қолдана білгендігі баяндалады. Соныменқатар, мақалада тілдегі антонимия құбылысының антитеза, диатеза, акротеза, альтернатеза, амфитеза, антиметабола, оксюморон сипатындағы түрлері және олардыңстиьдік қызметтері ұлы Абайдың өлеңдері мен қара сөздері негізінде жан-жақты қарастырылған. Абайдың қара сөздері қазақ әдебиеті тарихындағы бұрын соңды болмаған,ақынның тереңнен толғанған озық ойларының туындысы және аса құнды әдеби мұраболып табылады. Бұл туындылардың өзіндік тілдік және стильдік ерекшеліктері мол,әрі сан қырлы. Мақалада Абайдың бірнеше қара сөздері стильдік тұрғыдан талданып,ақынның өмір құбылыстарын бейнелеп суреттеу немесе баяндап жеткізу, адамныңішкі жан дүниесін, психологиясын ашып көрсетуде антонимдік қарым-қатынастағысөздер мен сөз тіркестерін ұтымды да шебер қолданғандығы қарастырылған.