Қазіргі қазақ тіліндегі көнерген лауазым атауларының «Кодекус куманикус» жазба ескерткішіндегі этнолингвистикалық сипаты

2023

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2023-142-1-67-75
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада орта ғасыр жазба жәдігері «Кодекус куманикустағы» көнерген сөздердің этнолингвистикалық сипаты талданды. Түркі халықтарының рухани, мәдени, әлемінің дүниетанымы мен тұрмыс-тіршілігінен мол хабар беретін құнды ақпарат көзі – орта ғасырлық жазба ескерткіштер болып табылады. Аталған тілдік құбылысты зерттеу тіл ғылымда көкейтесті мәселелердің бірі. Шетелдік және отандық түркологтардың тұжырымдары негізге алынды. Қоғамдағы тарихи үрдістер мен экстролингвистикалық әсерлерден сөз мағынасының кеңейіп жетілуі, я болмаса қолданылу ерекшелігіне қарай көнеріп, кірігіп, бірігуі не жаңа сипат алуы заңды құбылыс. Талдау негізінде «Кодекус куманикус» жазба жәдігеріндегі лауазым атаулары мен құқықтық-әкімшілік, әскери лексикаға қатысты көнерген бірліктері анықталды. Әлемдік түркологияда жазба жәдігерлерді лингвистикалық, танымдық, тарихи, философиялық тұрғыдан зерттеу ісі әлдеқашан қолға алынған. Ғасырлар бойы даму барысында тіл жиылған бар байлығын тарих қойнауына жасырып, келешек ұрпаққа аманат ретінде жеткізіп отырады. Осы тұрғыдан келгенде «Кодекус куманикус» жазба жәдігерінің тілдік құрамындағы көнерген сөздердің өз дәуірінде қолданылуы мен қазіргі кезеңдегі қолданыс өрісінің қандай екенін ажырату негізгі мақсатымыз болып табылады. Зерттеу жұмысының нәтижесінде алынған тұжырымдар түркі сөздерінің сөздігін құрастыруда практикалық маңызға ие болуы мүмкін.