Аннотация
Жоғары кәсіби білім беруді интернационалдандыру білім менғылымның сапасын арттыруға бағытталған өзгерістерді көздейді. Халықаралықакадемиялық ұтқырлық деңгейін арттыру халықаралық ынтымақтастықтыңжаңа формаларының пайда болуына ықпал етеді. Интернационалдандыру бүгінгістуденттердің білімін, құзыреттілігін және дағдыларын дамытуға үлкенмүмкіндік береді. COIL платформасын пайдалану арқылы жергілікті және шетелдікоқытушылардың өзара ынтымақтастығы және басқа елдің мәдениетімен танысудыңжаңа мүмкіндіктері пайда болады. COIL студенттерге халықаралық және көпмәдениетті білім алуға, виртуалды ұтқырлық арқылы білім алмасуға, жоғарыбілім беру саласындағы ынтымақтастық, мәдениетаралық құзыреттіліктер менцифрлық дағдыларды дамыту қабілеттерін шыңдауға жол ашады. Университеттегіинтернациаландандыру – бұл білім беру, ғылыми зерттеулер мен білім алмасудағыхалықаралық немесе жаһандық ықпалдасу үрдісі.Мақалада «үйде интернационалдандыру» негізінде студенттердің лингвомәдениқұзыреттіліктерін қалыптастырудың жолдары зерттелген. Лингвистика,лингвомәдениеттану, лингвомәдени құзыреттіліктер, интернационалдандыруфеномені терминдерін толық түсіну үшін отандық, ресейлік және шетелдік ғалымдармен зерттеушілердің ғылыми жұмыстарына теориялық және тақырыптық талдаужасалынды. Әдебиет көздерін талдау зерттеу жұмысының маңыздылығын бағалауға,теориялық және әдіснамалық ұстанымдармен негіздеуге мүмкіндік береді. Зерттеутобымен қарастырылған ғылыми әдебиеттер алдағы практикалық жұмыстарғасептігін тигізеді.