Қазақ тіліндегі көк концептісінің лингвомәдени сипаты

2023

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2023-144-3-34-45
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада көк концептілік өрісі туралы ақпарат беріліп, концептуалдық талдау түрлері қарастырылады. Концептілер жүйесі ұлт мәдениетін зерттеуге жол ашатын элемент ретінде зерттеу нысанына алынады. Қазақ халқының ғаламның тілдік бейнесін көк концептісі арқылы тану жолдары талданды. Ғылыми мақаланың мақсаты – көк концептісінің семантикалық және құрылымдық жағынан дамуы мен тілдік бірліктерде қолданылуын зерттеу және іріктелген ұғым-түсініктердің концептуалдық мазмұнын когнитивтік аспектіде анықтау. Осы мақсатқа жету үшін концепт, концептілік өріс, ғаламның тілдік бейнесі ұғымдарына беріліп жүрген ғылыми анықтамаларға тоқталып, солардың негізінде концептіге автор тарапынан өзіндік жеке анықтама берілді. Көк концептісінің когнитивті дискурстағы (тұрақты тіркестер, бата-тілек, проза, поэзия) көрінісі нақты тілдік деректер арқылы айқындалды. Көк концептісінің танымдық және лингвомәдени сипатын анықтайтын макроконцептілерге талдау жасалды. Көк концептісін анықтайтын тілдік деректер концептуалдық-семантикалық, лингвомәдениеттанымдық талдау әдістері арқылы зерттеледі. Қазақ тіліндегі түр-түс атаулары әлемін жан-жақты терең білудің практикалық маңызы зор. Соның ішінде көк концептісі мен одан туындаған тіркестердің табиғатын зерттеудің нәтижесі қазақ тілі лексикологиясы, семасиология, фразеология, когнитивтік тіл білімі, лингвомәдениеттану т.б. салаларын оқытуға қажетті құнды материал болып саналады.