Аннотация
Сәбит Мұқанов алғашқылардың бірі болып Шоқанның бай мұрасынаүңіліп, зерттеу жүргізді. Шоқанның жүріп өткен жолы, шығармашылығы,тағдыры жазушыны ертеде-ақ қызықтырған. Ленинградта оқып жүріп архивтерденШ.Уәлиханов туралы деректермен танысады. Осы кезден бастау алған СәбиттіңШоқан туралы зерттеулері елге келгеннен кейін де өзінің жалғасын табады.Жазушының жылдар бойғы қажырлы еңбегінің арқасында «Шоқан Уәлиханов», «Аққанжұлдыз» және тағы басқа кітаптары жарыққа шығады.Мақалада жазушының эпистолярлық мұрасын негізге ала отырып, Шоқан Уәлихановтуралы деректер талданады. Сәбит Мұқановтың Шоқан туралы зерттеу жолындағыізденістері туралы баяндалады.Сонымен қатар мақалада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мұрағатындасақталған Сәбит Мұқановтың эпистолярлық мұрасына, әсіресе оқырман хаттарынаталдау жасалады. Бұл хаттар Мұқановтың шығармашылық зертханасының кілтіболып табылады.Автор «Аққан жұлдыз» романы мен «Шоқан Уәлиханов» пьесасына жазылғаноқырман хаттары арқылы сол кездегі қоғамның шығармаға деген көзқарасын саралап,туындыдағы кейбір деректерді айқындауға тырысады.