Модальділік санатының көркем мәтін құрылымындағы белгілері

2021

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2021-136-3-63-70
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Модальділік санатын функционалды синтаксис деңгейінде, мәнмәтін, тұтасмәтін аясында салыстыра талдау аса маңызды. Бұл бағытта аталған құбылыстың өзіндікқұрылымы бар, күрделі заңдылықтардың қатарындағы тілдік табиғатын айқындауға,дербес теориялық мәселелерін тұжырымдауға қол жеткізе аламыз. Ұсынылған ғылымимақалада поэма мәтініне сүйене отырып, модальділік санатының құрылымдық жүйесінеталдау жасалады. Нәтижесінде модальді мәнді өзектендіретін сөйлемдердіңсемантикалық байланысы арқылы тұтас шығармадағы модальді құрылымдардың ішкімағыналық-құрылымдық байланысы қалыптасатыны сараланады. Мәтін құрылымындамұндай сөйлемдердің мақсатты қызмет атқаратыны, олардың өзара семантикалықбайланысты қатаң сақтап, интеграция құбылысына бағына қозғалып, мағыналыққұрылымдық жақтан бірігуге, тиянақталуға ұмтылатыны дәлелденеді. Сонымен қатар,субъективті көзқарасты өзектендіретін аталған құрылымдардың мәтін деңгейіндекөлденең және тікелей байланыс түзетіні нақты мысалдармен айқындалады. Модальділіксанатының белгілерін функционалдық негізде салыстырып, мәтін деңгейінде субъективтікмодальді мәнді өзектендіретін сөйлемдердің ерекшелігін, мағыналық-құрылымдық жақтанолардың тиянақталып отыратынын, яғни, тұтасуға ұмтылуын дәйектеу әлі де өзектімәселелер болып табылатынына, бұл бағытта тереңірек зерттеулердің қажеттілігіненазар аударылады. Бұл мәселелер нақты ғылыми зерттеулер деңгейінде салыстырылыптұжырымдалады. Сондай-ақ, субъективтік модальді мәннің үнемі ашық тірекқұрылымдармен жасала бермейтіндігі тілдік деректермен дәлелденіп, поэма мәтініндегіастарлама қызметін атқаратын грамматикалық бірліктердің когнитивтікфункциясына, сол арқылы функционалды бағыттың когнитивтік бағытпен байланысынағылыми талдаулар жасалады. Поэма құрылымында «өмір» сөзінің когнитивтікмағынасынан тараған семантикалық желілер арқылы автор өзінің өмір жолыныңкезеңдерін астарлы суреттеп, «өмір-арман», «өмір-күрес», «өмір-үміт» сияқты ішкісубъективті көзқарасын стилистикалық бояумен жеткізе алғаны сөз болады.