Жылжымайтын мүлік құқығын иеленуге қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері

2023

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-6844-2023-142-1-99-112
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Авторлармен зерттеліп ұсынылған мақалада жылжымайтын мүлік құқығын иеленуге қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері баяндалады. Еңбекте басты назар, меншікті тіркеуге уәкілетті органдардың лауазымдық қызметтеріндегі заңсыздықтарынан туындайтын құқық бұзушылықтарға байланысты проблемалық аспектілерге аударылады. Авторлар қолданыстағы заңнамалардың аталған құқықтарын иелену барысында тұлғаларға қатысты конституциялық құқықтарын шектейтіні туралы қорытынды жасайды. Сондай-ақ, жылжымайтын жүлік иесіне, пайдаланушысына мүлкіне қатысты қойылған және алынған ауыртпалықтар мен заңды талаптар жайлы үш жұмыс күнінің ішінде ескертуді тіркеуші органға міндеттеу; мемлекеттік тіркеуді бас тартқан орган қызметкерлерінің шешімдерін жоғарғы тұрған органға не сотқа шағымдану тәртібі енгізу, сондай-ақ тіркеуден бас тартуға негіз болған кемшіліктер жойылған кезінде құжаттарды мемлекеттік тіркеуге қайта тапсыруға рұқсат беретін мүмкіндіктерді қарастыру; тіркеуші органның жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуден бас тарту шешімін жоғары тұрған органға не сотқа шағымдану құқығын көрсету және де мақалада мемлекеттік қызметкердің және адамдардың әлеуметтік несие жүйесін енгізу қажеттігі туралы көзқарастар негізделеді.Қорытындыда жылжымайтын мүлік құқығын иеленуге қатысты отандық құқықтық негізді жетілдіру бойынша ұсынымдар қалыптастырылды.