Ауырлататын мән-жайларда бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашудың сипаттамасы

2022

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-6844-2022-139-2-76-87
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 426-бабының 2-бөлігімен көзделген бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашуды ауырлататын мән-жайларда жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық туралы мәселелер қоғамдық қауіптілігі дәрежесі жағынан едәуір алаңдатады. Сол себепті ауырлататын мән-жайларда қашу жасауды зерттеудің өзектілігі еш күмән туғызбайды. Зерттеудің мақсаты отандық және шетелдік қылмыстық заңдардағы осы қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлататын белгілерін салыстыра отырып, қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныс білдіру болып табылады.Зерттеу жұмысының нәтижесі қашудың ауырлататын белгілерін талдау, қолданыстағы норманы қолдануда әрқилы талқылауға жол бермеу үшін, заңды бір үлгіде қолдану мақсатында және қашу жасауда кінәлі адамдардың қоғамға қауіптілігі дәрежесіне қарай жауаптылығын жеке-даралау үшін, сондай-ақ бірнеше жылдар кезеңіндегі сот-тергеу тәжірибесінің материалдарын зерделеу негізінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 426-бабына бірқатар ауырлататын және аса ауырлататын белгілерді енгізу туралы ұсыныс білдіру. Мәселен, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 426-бабын жаңа 3-бөліммен толықтыруды, онда аса ауырлататын белгілерінің бірі ретінде «өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолданылып не осындай күш қолданамын деп қорқыту арқылы жасалған қашуды» көздеу, іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігіне тәуелді оны жасағаны үшін жауаптылық та жеке-даралану ұсынылған.