Рангі екіге тең еркін дуалды Лейбниц алгебраларының қолды автоморфизмдері

2023

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7182/bulmathenu.2023/2.2
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада алгебралардың -көпбейнесінің анықтамасы келтірілген және дуалды Лейбниц алгебраларының көпбейнесі -көпбейне болатыны дәлелденген. [Алимбаев А.А., Науразбекова А.С., Козыбаев Д.Х. Рангі екіге тең еркін алгебралардың автоморфизмдерінің сызықтылануы мен дифференциалдауының триангулярлануы // Сібір электронды математикалық жаңалықтары. – 2019. – Т. 16. – Б. 1133-1146.] жұмысында -көпбейнесінің рангі екіге тең еркін алгебраларының автоморфизмдерінің сызықтылануына және дифференциалдауының триангулярлануына қатысты бірқатар нәтижелер алынған. Сол жұмыстың нәтижелерінің салдарлары ретінде біз келесі нәтижелерді алдық: екі айнымалыдан тәуелді еркін дуалды Лейбниц алгебрасының қолды автоморфизмдер группасы амальгамирленген еркін көбейтіндінің құрылымын қабылдайды, сипаттамасы нөлге тең өрісте тұрғызылған екі айнымалыдан тәуелді еркін дуалды Лейбниц алгебрасының қолды автоморфизмдерінің кез келген редуктивті группасы сызықтыланады және осы алгебраның кез келген локальді-нильпотентті дифференциалдауы триангулярланады.