КОМПАНИЯЛАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІН БЕЙІМДЕУ МОНИТОРИНГІ

2023

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2023-129-6-173-187
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Компаниялардың ақпараттық қауіпсіздік (АҚ) оқиғаларын басқару процесін ұйымдастыру тәсіліне толықтырулар ұсынылды. Қолданыстағы шешімдерден айырмашылығы, «оқиғаларды өңдеу» ішкі процесінің алгоритмі егжей-тегжейлі сипатталған. Бұл егжей-тегжей АҚ оқиғаларын өңдеудің ішкі кезенің қамтитын кешенді сипатта болады. Сонымен қатар, «оқиғаларды өңдеу» ішкі процесінің егжей-тегжейлері АҚ оқиғасының бүкіл өмірлік циклын қамтуға мүмкіндік береді. Жүргізілген зерттеулер іс жүзінде компанияның АҚ басқару жүйесін құру кезінде ақпараттың ықтимал олқылықтарын толтыруға мүмкіндік береді. Ұсынылған шешімнің қосымша артықшылығы - бұл ішкі процесті тәуелсіз ретінде пайдалану мүмкіндігі. Ұсынылған тәсіл тұтастай алғанда компанияның АҚ басқару процедурасын жеңілдетуге, сондай-ақ шағын компаниялар мен кәсіпорындар үшін оны құру шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл ішкі процесті АҚ-ны басқарудың тәуелсіз процесі ретінде қарастыруға болады, мысалы, компанияның комппьютерлік ақпараттық жүйесі (КАЖ) үшін. Ұсынылған шешімдер мен толықтырулар, ұқсас зерттеулерден айырмашылығы, компанияның АҚ-ның, атап айтқанда оның КАЖ-ның инфрақұрылымдық шешімдерін іске асыру тәсілдеріне қатысты инварианттылықпен сипатталады. Бұл, сайып келгенде, әдістемелік құралдарды өзгертпестен, осы тәсілді масштабтауға және оның ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін әртүрлі компанияларға бейімдеуге мүмкіндік береді.