Аннотация
Компьютерлік ақпараттық технологиялардың дамуы қарқынды түрде, жылдам жүзеге асуда, оларға кедергі болатын аспектілер жоқтың қасы деп айтсақ та болады. Қазіргі таңда интернет желісіне еніп, қоғамды компьютерлендіру үдерісінде жасанды ортаға негізделген шындықтың жаңа түрі – «виртуалды шындық» пайда болды. Бұл технологиялық жаңа орта адамның психикасына өте күшті әсер етіп жатыр. Виртуализациялау механизмі заманауи әлеуметтік мәдениеттің, саяси және экономикалық үдерістің негізгі бөліктерінің бірі болып табылады, сонымен қатар, осы салаға байланысты сұрақтар үлкен іс – тәжірибелік мағынаға ие болып отыр. Заманауи виртуализациялау үдерісі өте үлкен жылдамдыққа ие, сондықтан да әлеуметтік – философиялық мәселелерде виртуалды шындықты зерттеу әдістемесін дамыту қажеттілігі туындап отыр.