Аннотация
Жұмыста жылу алмасу процестерін зерттеу, моделдеу және автоматты басқару жүйелерін құру есептері қарастырылды. Бөлмені жылыту жүйесінің моделі Matlab бағдарламалау ортасында орындалды. Модельдеу кезінде басты технологиялық параметрлер ретінде жылу алмасу коэффициенті мен жылуалмастырғыштағы сұйықтықтың ағу жылдамдығы алынды. Алынған модель «Жылуалмасу процестерді модельдеу» зертханалық стендінде алынған мәліметтерді пайдалана отырып, жылу алмасу процестерін модельдеуде қолданылады деп болжануда.