Аннотация
Бүгінгі таңда мәтінді тұтасым мен байласымға негізделген бірлік ретінде жан-жақты зерделей отырып, оның эмоция мен экспрессияға ие көркемдік жағын зерттеудің шеңбері мен әдіс-тәсілдері күннен күнге кеңейіп келеді. Мақалада лингвистикалық әдіс-тәсілдің келесідей түрлері қарастырылды: сипаттама, құрылымдық, семантикалық, кешенді синтез бен анализ. Яғни талдау, жинақтау, жүйелеу секілді көп уақыттан бері тіл білімі мен гуманитарлық ғылымдарда қолданылыпқалыптасқан тұжырымды тәжірибенің әдістері арқылы жүргізілді. Зерттеудің нәтижесінде мәтіннің контекстік-вариативтік ажыратылатын бөлшектері ретінде — әңгімелеу, суреттеу, ойталқы — сөйлеуде дәстүрлі аталып жүрген КСФ-лардың (композициялық сөйлеу формалары) тақырыптықмазмұндық ерекшеліктері анықталып, олардың тілдік-стилистикалық ұйымдасу формаларына сипаттама берілген. Ақпаратты жеткізудегі бұл композициялық сөйлеу формалары — мәтінніңқұрылымдық бөлігін құраушы негізгі және тұрақты элементтер. Сол себепті көркем мәтін мазмұны аталмыш композициялық сөйлеу формаларының бірде жекеленіп, бірде кезектесіп, араласып келіп, өзара тұлғалық, мағыналық дәрежеде байланысуы арқылы ұйымдасады. Мақала мазмұны көркем мәтіннің аталмыш ерекшеліктеріне мүмкіндігінше лингвостилистикалық сипаттама беруді көздейді.