Ахмет Байтұрсынұлының қазақ журналистикасы мен көсемсөзінің мән-маңызын арттырудағы қызметі

2022

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7174-2022-140-3-63-70
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Аңдатпа. ХХ ғасырдың басындағы қазақ интеллектуалдық күштерінің ұлттық баспасөз төңірегіне тоғысуы қоғамдық қажеттіліктен туған еді. Олардың жұмылып жұдырық болуына, қосылып күш біріктіріп іс-әрекет жасауына итермелеген қазақ елінжайлаған әділетсіздік пен адам төзгісіз саяси-әлеуметтік ауыр хал болатын. Осындайалмағайып заманда ұлтық ой-сананың өркендеуі мен дамуына өлшеусіз еңбек сіңіріп,соны серпіліс туғызған дара да, дана тұлғаның бірегейі – Ахмет Байтұрсынұлы.Ел арасында азаматтық үні қалыптасып, қайраткерлік қыры ашыла бастаған Ахаңның алдында Алаш үшін адал қызмет етуге міндеттейтін үлкен даңғыл жол жатты.Ресейлік ақ патшаның тағы шайқалып, дәурені аяқталар алмағайып заманда Ахаңмұғалімдік жұмысын уақытша тоқтатып, журналистиканы таңдауына тура келді.Осылайша қазақ баспасөзі арқылы елдің рухын оятып, отарлық езгіден біржолата арашалап қалудың қамына кірісті. Бастапқыда таңдау жасау оңайға түскенімен саяси көзқарасы үшін жендеттер мен жандайшаптардың қырына тез ілікті. Бірақ Ахмет Байтұрсынұлы ұлт жолында аянып қалмады. Кері шегінсе өзін-өзі кешірмесі анық еді. Алашқайраткері қазақтың сауатын ашып, білімін толықтырумен бірге баспасөз арқылыақпараттық-танымдық материалдар ұсынып, ел ішіндегі күйіп тұрған мәселелерді бүге-шігесіне дейін талдауды алдына міндет етіп қойды.Ахаң XX ғасыр басында жарық көрген қазақ тіліндегі газеттер мен журналдарда жарияланған көркем-публицистикалық мақалаларында патшалық отарлық жүйенің озбырлығы мен жүгенсіздік әрекеттерін, жер, адамдық құқық мәселелеріндегі, елдік тұрғыдағыұлы державалық шовинистік саясатын әшкерелеп, халықты қараңғылық шырмауынанбосап, оқу-білімге ұмтылуға, отаршылдық езгізге қарсы жұмылып, елдікке шақырды.