Медиа шабуылдардың сипаты және ақпараттық

2021

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7174-2021-137-4-40-47
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қазіргі кезеңнің ақпарат тарату және ақпарат жинақтау мәселесі тек қанаақпараттық шеңбер ішінде болудан шығып кетті. Қазіргі ақпарат экономикалық та,саяси да, мәдени де ықпалдасудың басты құралына айналды. Саяси бәсекелестер арасында ақпараттық текетірестердің белсенділік алып кеткен кезеңі де – осы кезең. Оныңішінде қарсыласы туралы жалған ақпарат тарату түріндегі әдісі де қарсыласына күшкөрсетудің бір әдісіне айналды. Адамзат тарихында қазіргі технологияның дамуынадейін де ақпараттық текетірестер, жалған ақпарат тарату жағдайы болған екен. Көнегрек заманында карфагендік әскер басы Барка Ганнибал елге өзінің әскерінің ішінде бірбелгісіз індет тарап кеткендігі туралы хабар таратады. Мұны естіген қарсыластарыоның әскері сол індетпен жағаласып, бір орынында тұр екен деп жайбарақат отырады.Ал Ганнибал болса, бұл кезде өз әскерімен қарсыластарының іргесіне келіп қалған еді.Осындай тәсілінің арқасында ол қарсыласының Тарента деген қаласын еш қиналмастанбасып алған екен дейді. Ал ХХІ ғасырдың осыған ұқсас жалған ақпарат тарату тәсілітек бір қаланы емес, тұтас халықтарды, ел мен елді бір-бірімен жауластырып қоюғакүші жететін жағдайға келді. Бұл мәселе ғылыми талдаудың да нысанына айналды.Ақпараттық технологиялардың пайда болуына байланысты ақпараттық текетірес тебелсенділік алды. Бір зерттеушілер «Ақпараттық соғыс» термині алғаш рет 1985 жылыҚытайда айтылған десе, физика саласының зерттеушісі Т.Рон деген ғалым бұл алғашрет 1970-ші жылдардың ортасында айтылды дейді және «ақпарат – кез келген армияның ең осал тұсы» деп көрсетіпті. Ел бірлігін ыдыратуды көздейтін ақпараттардыңтүрі қандай болуы мүмкін? Ақпараттық шабуылдардан қорғанудың тәсілдері бар ма?«Цифрлық фашизмнің», «кибер-имперализмнің» ел ішінде бүлік шығару ниетінің арғыжағында не тұр? Жалған ақпараттардың жастарға әсері қандай? Біз бұл зерттеу мақаламызда осы мәселелердің кейбір қырларына тоқталып, оны ғылыми тұрғыдан тұжырымдаймыз.