Аннотация
Мақалада мемлекеттің медиаобразына қатысты ғылыми тұжырымдарғаталдау жасай отырып, «мемлекет образы», «медиаобраз» ұғымдарының мәнінайқындап көрсетеді. Медиаобраз – мемлекеттің саяси, экономикалық, әлеуметтік,психологиялық көрсеткіші. Сондықтан да қазіргідей ақпараттық соғыс, геосаяси,аймақтық қақтығыстар ушығып тұрған кезде мемлекеттің медиаобразын жасау өтеөзекті. Осы тұрғыдан келгенде мақалада медиаобраздың тарихи негіздеріне мысалдаркелтіріп, «қаңтар оқиғасы» кезіндегі бірнеше шетелдік ақпарат агенттіктерініңматериалдары талданады. Контент талдау барысында мемлекет, президент, орыналған оқиғаға байланысты жиі кездесетін сөздер қарастырылады. Ақпараттықмәтіндерде жиі қолданылған сөздердің мемлекет медиобразына әсеріне, оның салдарынамән беріп, алдағы уақытта медиакеңістіктегі ақпаратты қандай әдістер арқылыжариялауға болады деген сұраққа нақты ұсыныс білдіреді.Мақалада шешендік өнер, жыраулар поэзиясындағы елдің жетістігін көрсетугебайланысты толғаулар медиаобраздың үлгісі ретінде талданады. Хандық дәуірдегізаман шындығы жыраулар поэзиясынан айқын көрінеді. Медиаобраз жасаудағы ең бастыталап – мемлекеттің жағымды бейнесін қалыптастыру. Автор медиаобраз жасаудыңтиімді әдістеріне тоқтала отырып, әлемдік ақпарат кеңістігіндегі 100-ден астамақпараттық материалдарды сүзгіден өткізген. Мемлекеттің әлем алдындағымедиаобразына контент талдаудың түрлі тәсілдеріне жүгіне отырып, автор қоғамдықпікірге қатысты тұжырымдарын ұсынады.