Аннотация
Бұл мақалада PR мақсатындағы ақпараттарда және имидждік, жарнамамен маркетингтік ақпараттарда визуализация тәсілдерін қолдану механизмдері меноның ғылыми негіздері қарастырылады.Көзге көрілмейтін ақпаратты көрілетін формаға келтірудің ақпарат таратудағыықпал ету механизмдеріне зерттеу жүргізіліп, олардың түп негізін анықтаған ғылыми тұжырымдамалар зерделенеді. Ақпаратты эйдосфера арқылы қабылдау тұтынушы үшін өте тиімді және оның көрнекілігі мен интерактивтілігінің де теориялықтұжырымдары бизнес үшін аса қажет технология. Визуалды ақпаратта қолданылатынстереотиптік, символдық белгілердің интерактивтілік, медиапсихологиялық, менталитеттік қырлары, визуализация мен тайм-менеджменттің өзара байланысу механизмі – зерттеу мақаламыздың маңызды объектісі. Визуалды ақпараттың мақсаттыаудиторияға эстетикалық жағымдылық беретіндігінің, барлық тілдегі адамдар үшінаудармашысыз-ақ түсінікті болатындығының, ақпарат таратушы туралы жағымдыпікір қалыптасатындығының себептері көрсетіледі. Визуалды ақпарат жасауға мүмкіндік беретін қолжетімді ең қарапайым да, тиімді сервис-программалар туралы шағынақпарат-сілтемелер берілді