Аннотация
Еліміздің тарихында қазақ халқының басына қара бұлт болып үйірілген нәубат ХҮІІІ ғасырдағы жоңғар шапқыншылығынан кейінгі осы ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағыхалықтың үштен екі бөлігің жалмаған «ашаршылық» болып табылады. Әрине, бұл туралы өз кезінде айтылып, жазылды. Бірақ олардың көпшілігі «халық жауы» ретінде айыпталып, қудаланды.Оған осы оқиғаға байланысты тікелей И.В.Сталинге жазылған «Бесеудің хаты» куә. Сондықтан бұлтақырып тек тәуелсіздікке қол жеткеннен кейін ғана зерттеу нысанына айналып, бұқаралық ақпаратқұралдары арқылы жүзеге асуда. Бұл тақырыпқа негізінен жазатын, қалам тартатындар тарихшылар, саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, әдебиетшілер мен журналистер болғандықтан оқырман,көрермен, тыңдармандар тарапынан мұндай материалдарға деген сұраныс көп. Ондай шығармаларды қарапайым оқырман ғана емес, мектеп және ЖОО студенттері, магистранттар, докторанттар даіздеп жүріп оқиды десек артық айпағанымыз. Бұдан шығатын қорытынды, келешекте «тарихтыңақтаңдақ мәселелерін» неғұрлым толығынан зерттеп, бір орталықтан басқаратын дәрежеге жетсек, онда қазақ мемлекеттігінің толық тарихын жазуға атсалысар едік. Бүгінгі таңда Елбасы күнтәртібіне қойып отырған «Мәңгілік ел», «Туған жер» бағдарламалары да толығынан орындалареді. Болашақ ұрпақ елінің тарихынан сусындап, оны мақтан тұтар еді. Бұл дегеніміз біздің өткентарихымыздан алатынымыз да, үйренеріміз де көп екендігін дәлелдейтін факті.Мақалада ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында Қазақстанда болған ашаршылық нәубатыныңзардаптары мен негізгі себеп-салдарлары ашып көрсетілген.