Аннотация
Мақалада Алаш арысы Міржақып Дулатұлының «Оян, Қазақ!» туындысыжәне оның қоғам санасына тигізген ықпалы талданады. Алдымен феномен ұғымыныңмән-маңызын аша отырып, автор бұл туынды не себепті қазақ қоғамының ұлттық,азаттық санасына әсер еткен құбылыс ретінде бағалануға лайық екенін зерделейді. Сонымен қатар, тек қазақ қоғамына ғана емес, жаһандық сипаттағы феномендік құбылыссипаттарына дәлелдер келтіріледі. Әсіресе, түрік әлеміндегі туыстас ұлттардың сана-сезіміне тигізген ықпалына ғалымдар пікірімен сипаттама берілген. Бұл тақырыпғылыми ортада феномендік ракурстан зерттеле қоймаған. Мақалада «Оян, қазақтың»жапон дүниетанымына әсеріне қатысты айтылған кейбір күмәнді ғылыми пайымдаулар нақты деректермен тексеріледі. Түркия еліне қатысты айтылған тұжырымдарда сол елдің зерттеуші ғалымдарының пікірімен салыстырылады. Мақалада МіржақыпДулатұлының «Оян қазағына» қоғамдық құбылыс ретіндегі феномендік қырына тәуелсіздік, азаттық санасымен байланыстыра отырып баға берілген.