Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстан және Ресей заңнамаларының ерекшеліктері

2021

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7174-2021-137-4-32-39
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада Қазақстан мен Ресейде ақпараттық қауіпсіздік пен ақпараттықсаясат туралы жазылған заңдар қарастырылған. Екі елдің ақпараттық саяси ахуалысалыстырмалы түрде көрсетілген. Сондай-ақ, екі мемлекеттің ақпараттық саладағықызығушылықтарын, азаматтардың негізгі ақпараттық құқығы мен бостандығын іскеасыру, бәсекеге қабілетті ақпараттық құралдарды, ақпараттық- телекоммуникациялық саланы дамыту, ақпараттық технологияны қолдану және жасау, ақпараттықөнімдер мен қызметтерді дамыту, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттіксаясат, ақпараттық саладағы халықаралық ынтымақтастық жан-жақты талданған.Жалпы, қоғамды ақпараттандыру, әлемдiк ақпараттық кеңiстiкке шығу процесіқарқынды дамыған сайын, оның пайдасымен бiрге, келеңсiз жақтары да қатар өсуi заңдықұбылыс. Бұқаралық мәдениеттiң ықпалы ұлттық мәдениеттi кейiнгi ысыруы мүмкiн. Өйткенi, бұқаралық ақпарат құралдарының қай түрiнде болмасын, бiздiң ұлттықмәдениетiмiзге, тәлiм-тәрбиемiзге жат ақпараттарды көп кездестiруге болады. Мемлекеттiң саяси-экономикалық және әлеуметтiк-мәдени өмiрiнде елеулі орын алған ақпараттық технологиялардың даму серпiнi ақпараттық қауiпсiздiк мәселелерiн шешугежоғары талаптар қояды. Мемлекеттегі ақпараттық саясат қоғамның ақпараттықсаласын дамытуға бағытталған ақпараттық мекемелердің қызметін реттейді. Бұлқызмет баспасөзді ғана емес, телевизия мен радио байланыстар, ақпараттық жүйелермен веб-ресурстар жасау, сақтау, өңдеу, көрсету, ойын-сауықтан ғылым, саясат т.б.дейінгі ақпарат тарату түрлерінде барлық өндірістер мен байланыстар жиынтығынқамтиды.Мемлекеттің ақпараттық саясаты бұқаралық ақпарат құралдарындағы ұйымдастыру нысандарының мемлекеттік, жеке, аралас қызметтерінің әртүрлі және тең құқылыболуын; масс-медианың қоғамдық міндетін өзектендіруін; ұлттық, аймақтық жәнежергілікті билік мекемелері ақпараттық саясатының бейтарап болуын қадағалайды.Осы мәселенің барлығы да мақалаға негізгі арқау болып отыр.