Аннотация
Мақала өзекті тақырыпқа - онлайн БАҚ жұмысында веб-аналитикамүмкіндіктерін пайдалану мәселелеріне, веб-статистиканың негізгі көрсеткіштерінталдауға арналған. Бүгінгі таңда журналистика ақпарат беруде және аудиториясанасына әсер етуде үлкен өзгерістерге ұшырады. Әсіресе, соңғы жиырма жылда бүкіләлемде БАҚ-тың аудиториямен қарым-қатынасы өзгерді. Аудиторияның көлемі менсипаттамаларын дәл анықтап және қызығушылық тудыратын тақырыптар менматериалдарды тиімді табуға мүмкіндік беретін веб-аналитикалық есептеуіштердіңтаралуы аудиторияның сандық өлшеміне ауысуын тездетіп, интернетбасылымдардың танымалдылығының арттырды. Мақалада жаңа медиада вебаналитика есептегіштерін қолданудың оң және теріс тенденциялары ашылып, онлайнстатистикалар ұсынылады. Сондай-ақ, жаңа медианың маңызды тренді әлеуметтікжелілер де атап өтілді. Аудитория зерттеуде веб-аналитиканы пайдаланутиімділігінің негізгі көрсеткіштерінің түсінігі мен мәні анықталады. Мақаладаонлайн-басылымның сайтының тұтынушыларын анықтауға арналған көрсеткіштерберілген және Қазақстандағы танымал басылымдар және олардың веб-аналитиканықолданудағы артықшылықтары қарастырылған.