Интернет-коммуникациядағы кибербуллинг: пайда болуы, өзекті мәселелері

2022

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7174-2022-141-4-99-108
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Интернет ақпараттық коммуникация құралы ретінде қоғам өміріне дендеп енді. Дәстүрлі БАҚ ақпаратын белгілі бір жаздырып алушылар ғана пайдаланса, интернетте жарияланған жазбаларды жас ерекшелігіне қарамастан кез келген адам пайдаланатын кезеңге қадам бастық.Заманның өзгеруімен интернет-кеңістікте де әртүрлі құбылыстар белең алуда. Бүгінгітаңда ғаламтор арқылы балаларды қорқыту, оның жан-дүниесіне кері әсер тигізу, яғникибербуллинг кең тарай бастады. Мақалада осы құбылыстың үш ерекшелігі қарастырылып, кибербуллингтің құрбаны болмауы үшін ата-аналар тарапынан қандай бақылаукеректігі сараланды. Сондай-ақ, ата-аналар арасында сауалнама жүргізіліп, статистикаұсынылды.Әлемде ақпараттық технологиялар саласында көптеген аспектілер орын алып, адамның компьютерді қолдануы барысында көптеген мәселелер туындауда. Қазіргі жаһандану заманында шеті көрінбейтін Интернет әлемі үлкен ақпараттық банкке айналды,оны пайдаланушылар саны да күн сайын өсіп келеді. Интернет желісі қолданушыларғаүлкен мүмкіндік берді, бірақ сонымен қатар бір-біріне залалын тигізуі мүмкін әртүрліақпаратты жасауда шексіз еркіндікке жол ашты. Өкінішке орай, желі пайдаланушылары бұл мүмкіндіктерді әртүрлі мақсаттарда пайдаланады. Олардың кейбіреулеріәлеуметтік желілерде зиянды ақпаратты жіберу арқылы жасөспірімдердің санасыназиян келтіруге тырысады. Мақалада интернет-коммуникацияның жаңа құбылысы –кибербуллинг әлеуметтік проблема ретінде қарастырылып, оны шешу жолдары қарастырылған.