Сына бағаналарының жабдықтарының 20X болатты электролиттік-плазмалық шынықтыру арқылы беріктендіру

2022

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7263-2022-139-2-86-101
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мұнай-газ өнімдеріне әлемдік сұраныс мұнай өнімдерін өндіруге және тасымалдауға арналған бөлшектер мен жабдықтарды өндіруде қолданылатын технологиялық процестерде айтарлықтай сапалық және сандық өзгерістер тудырды. Қазақстан әлемдегі ең ірі мұнай өндіруші ел болып табылады, сондықтан мұнай-газ жабдықтарын өндірудің ілгерінді технологиясын дамыту өнеркәсіптік және экономикалық өсуді ынталандыруы мүмкін. Сына бағаналарының (СБ) маңызды бөлшектерін беріктендірудің дәстүрлі технологиялары көптеген өнеркәсіптік кәсіпорындарда қолданылатынына қарамастан, көп энергияны және көп уақытты қажет етеді. Төмен көміртекті легірленген плашканы химиялық-термиялық беріктендіруді ғылыми зерттеу үшін 20Х болаттан, МемСт 33260-2015 (207 Steel), жасалған сына бағаналарын байлауды электролитті-плазмалық беріктендірудің эксперименттік қондырғысы әзірленді. Электролитті-плазмалық беріктендірудің тәжірибелік зерттеулері әртүрлі өңдеу режимдерінде жүргізілді. Бөліктің жоғары жылдамдықты қыздыруының вольт-амперлік сипаттамасының иондалған электролит плазмасының температурасына тәуелділігі сипатталған. Электролиттегі қыздыру мен беріктендіру жылу өткізгіш үрдісі математикалық модельмен сипатталған, регрессия формуласы алынған. Электролитті-плазмалық беріктендірудің негізгі параметрлері анықталды, өңдеудің оңтайлы режимдері шығарылды. Растрлық элементтік талдау төмен көміртекті легірленген болаттың қатайтылған қабатының көміртегінің беттік модификациясын көрсетеді. Электролитті плазмалық беріктендіру әдісі СБ плашкасының жұптасқан жұмыс беттерін жергілікті қатайтуға мүмкіндік береді. Бастапқы күйге қатысты микроқұрылымның өзгеру нәтижелерін, қаттылықтың артуын зерттеді.