Қазақ тілін деңгейлеп меңгертуге бағытталған тапсырмалар жүйесінің сипаттамасы

2023

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2023-145-4-188-196
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Қазақ тілі» жалпы білім беретін пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы негізінде әзірленген қазақ тілін деңгейлік меңгеруге бағытталған университеттің тілдік емес мамандықтарының студенттеріне арналған тапсырмалар жүйесі ұсынылған. Сондай-ақ, қазақ тілін үйретуде репродуктивтік, вариативтік, ізденістік, шығармашылық тапсырмаларына қойылатын талаптар мен олардың сипаттамасы беріледі. Тапсырмалар қатысымдық әрекеттердің (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым, тілдесім) түрлеріне байланысты іріктелген. Мақаланың негізгі мақсаты – ғылыми-теориялық және практикалық тұрғыда талдау жасай отыра, әрбір әрекеттің мазмұнына сай негізделген тапсырмалар түрлерін ажыратып, жүйелеп ұсынумен қатар, қазақ тілін тиімді үйретуге бағытталған дағдыларды зерттеп көрсету де қарастырылған. Атап айтқанда сөздікпен жұмыс істеу, сызба құрастыру, нақты тақырып бойынша тірек конспектілер, салыстырмалы кесте жасау, әдебиетпен жұмыс істеу, дискуссия жүргізу, пікір-талас (ой-толғау, дебат), дөңгелек үстел өткізу және т.б. Сонымен қатар, қазақ тілін үйрету барысында ойластырылған тапсырмалар жүйесін әзірлеп пайдаланудың нәтижелері зерттелініп, мақаланың ғылыми-әдістемелік маңызын аша түседі. Ойластырылып құрастырылған тапсырмалар жүйесі білім алушылардың қазақ тілін үйрену барысында тілдік құзыреттіліктерін қалыптастыруына, қатысымдық әрекет (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым, тілдесім) түрлерін толыққанды игеруге мүмкіндік тудырады.