Серікбол Қондыбай негіздеген «теңіз жылқыларының» түркілік генезисі (Маңғыстау сакралды мәтіндері негізінде)

2023

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2023-145-4-87-98
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Маңғыстау сакралды мәтіндерінде (петроглифтер, эпитафиялар, жыраулық мәтіндер) жылқы бейнесі ерекше орын алады. Каспий маңын мекендеген халықтардың фольклорында «теңіз жылқысы» туралы мифологиялық түсінік бар. Жыраулар тілінде судан шығатын «суын айғыр» жүйріктіктің символы ретінде образға алынады. Мақалада қазақтың өлкетанушы, географ, этнограф, мифтанушы ғалымы Серікбол Қондыбайдың түркі мифологиясындағы «теңіз жылқысына» қатысты зерттеулері қарастырылды. Серікбол Қондыбай қазақ тіліндегі «ерттеу» сөзінің түбірін «ерт» тұлғасымен байланыстырып, оның бастапқы мәні «рет, тәртіп» мағынасын берген дейді. Жылқыны ерттеу – тағы жылқыны қолға үйрету, сол арқылы хаостан космосқа өту деген ой айтады. Осы мақалада Серікболдың пікірі этногафиялық, археологиялық, фольклорлық зерттеу деректерімен толықтырылып, талдау жасалды. Жылқы культінің түркілік генезисі туралы С.Қондыбайдың тарихи-лингвистикалық, танымдық-фольклорлық зерттеулерін толықтыра түсетін ғылыми ақпараттар берілді. Зерттеу нәтижесінде «жылқыны қолға үйрету – адамзат өркениетінің бастамасы» деген қорытынды пікір ұсынылды. Мақалаға деректік материал ретінде ҚР БҒМ гранты бойынша «AP08856996 Маңғыстау аймағындағы сакралды мәтіндердің концептуалды кеңістігі (жыраулық мәтіндер, эпитафиялық жазба мәтіндері, петроглифтер)» ғылыми жобасы аясында 2020-2022 жылдары ұйымдастырылған далалық экспедиция материалдары пайдаланылды.