Қазақстанның орта білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу саясатын PISA 2015 оқушылардың әл-ауқаты деректері бойынша жетілдіру

2023

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2023ec4/229-236
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақсаты: PISA (Program for International Student Assessment ― Халықаралық оқушы қабілетін бағалау бағдарламасы) деректеріне сүйене отырып, факторлық талдау арқылы оқушылардың әл-ауқатының детерминанттарының баса назар аударылатын шоғырлануы бойынша орта білім беру жүйесін жергілікті және мемлекеттік реттеу саясаттарына қатысты жетілдіру. Бұл зерттеу негізінен PISA 2015 халықаралық тәжірибесін зерттеу арқылы студенттердің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Сол себепті PISA 2015 деректері студенттердің әл-ауқатының әртүрлі қырларына назар аударатын сан қилы деректерді қамтиды (PISA 2015, Volume III). Осы сұрақтар негізінде 46 айнымалы қарастырылды. Сонымен қатар PISA 2015 нәтижелері негізінде қазақстандық сарапшылар талдаулары деректер көзі болып саналады.Әдісі: PISA 2015 есебінен корреляциялық талдау үшін барлық айнымалы таңдалған. Жоғары корреляциялық факторларын жою арқылы айнымалылар саны азайды. Факторлық талдау оқушылардың әлауқатына жоғары әсер ететін көрсеткіштердің қысқаша тізімін анықтады.Қорытынды: PISA 2015 деректері оқушылардың әл-ауқатының әртүрлі қырларына назар аударатын алуан сұрақтарды қамтиды. Жалпы оқушылардың әл-ауқатының негізгі детерминанттары туралы алдыңғы зерттеулер орта білім беру үшін назардан тыс қалып отыр. PISA 2015 халықаралық деректеріне негізделген оқушылардың әл-ауқатының детерминанттарының қысқаша тізімі Қазақстандағы білім беру саласындағы саясаткерлер тарапынан дұрыс бақылауды ұсынатын негізгі мәселелерді айқындайды.Тұжырымдама: PISA 2015 халықаралық тәжірибе негізінде Қазақстандағы оқушылардың әл-ауқатын жақсарту үшін қажетті әрекеттер туралы ұсыныстар мүдделі тараптарға бағытталған. Осы зерттеу халықаралық тәжірибеге негізделген негізгі детерминанттарды ашу үшін кең ауқымды деректерді зерттейді. Нәтижесінде, оқушылар әл-ауқатының негізгі көрсеткіштері ретінде қабылдау үшін осы зерттеуде келесі бес детерминант анықталды: 1-Дене белсенділігі; 2-Жалпы жағдайлар; 3-ISCED 2, ISCED 3 Халықаралық тәжірибеде ISCED (Білім берудің халықаралық стандартты классификациясы) 2 немесе 3 және олардың айырмашылықтары оқушылардың әл-ауқатының детерминанты ретінде топтастырылған; 4-қала/ауыл; 5-жеке-мемлекеттік мектеп түрі. Жеке және мемлекеттік мектептердің айырмашылығы студенттердің әл ауқатының түпкілікті анықтаушысы болып табылады. Олардың айырмашылығын дұрыс бақылау керек.