АҚШ-ТАҒЫ «ТЕЖЕМЕЛІК ЖӘНЕ ТЕПЕ-ТЕҢДІК» ЖҮЙЕНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Journal of actual problems of jurisprudence, 2023

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/japj.2023.v108.i4.015
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада Америка Құрама Штаттары Конституциясы бойынша мемлекеттік билік бөлінісі мен олардағы «тежемелік және тепе-теңдік» жүйесі қарастырылды. Мемлекеттік билік тармақтарының тәуелсіз, өзара қақтығыссыз қызметі Ата заңмен айқындалғанына қарамастан, ХХ ғасырдың екінші жартысынан бері Президент пен Конгресс арасында өкілеттілікті асыра пайдалануға қатысты даулы мәселелер байқалуда. Осы орайда, заң шығарушы және атқарушы билік арасындағы келіспеушіліктер сот органдары тарапынан жиі қаралады, бұл «тепе-теңдік пен тежемелік» жүйесінің сақталуына қауіп төндіретін, өзекті тақырыптардың біріне айналды. АҚШ Конституциясындағы «тежемелік және тепе-теңдік» жүйенің қалыптасуы мен дамуын зерттеуде тарихи, формальды-логикалық, құқықтық салдарды болжау әдістері қолданылды. АҚШ Конституциясы 1787 жылы қабылданғанымен, оның негізін қалаушылар адам болмысының билікке құмарлығын және оны асыра пайдалануға бейімдігін ескере отырып, ондай әрекеттердің алдын алу мақсатында «тежемелік және тепе-теңдік» жүйесін енгізді. Зерттеу жұмысы көрсеткендей, бірқатар АҚШ Президенттері елді басқару кезінде өз өкілеттіктерін кеңейтуге тырысып, Конгрессті айналып өтуге бағытталған шаралар жасағаны байқалды. Салдарынан Конгресс мұндай әрекеттерді тергеп, тексеріп, бірқатары сотта қаралды. Билік тармақтары арасындағы қақтығыстарының көбі әр билік өкілінің өзінің құқықтық өкілеттілігін сақтауға бағытталған тежемелік жүйесіне негізделгенімен, жыл сайын тепе-теңдікті сақтау күрделене түсуде. Түйін сөздер: АҚШ, Конституция, билік бөлінісі, тежемелік және тепе-теңдік жүйесі, Президент, өкілеттілік.