ҮШ ТҮСТІ ШЕГІРГҮЛ (VIOLA TRICOLOR L.) ӨСІМДІК ШИКІЗАТЫНАН ЭКСТРАКТ АЛУ ЖӘНЕ ФИТОХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫН ЗЕРТТЕУ

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.53511/pharmkaz.2024.95.63.029
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Үш түсті шегіргүл (Viola tricolor L.) өсімдік шикізатынан алынған сұйық экстракт құйынды экстракция әдісін қолдана отырып алынды. Осы әдіс бойынша алынған экстракттың құрамындағы биологиялық белсенді заттар анықталды. Экстракттың құрамын анықтау ультракүлгін және көрінетін диапазондағы абсорбциялық спектрофотометрия әдісімен жүргізілді. Абсорбциялық спектрофотометрия әдісімен зерттеу нәтижесінде флавоноидтарды анықтадық. Әдеби деректерге сүйене отырып, бөлінетін компоненттер қартаюға қарсы әсер көрсетеді. Зерттеулер сериялық сұйылту әдісі бойынша жүргізілді [1]. Нәтижесінде зерттелген сығынды айтарлықтай қартаюға қарсы белсенділікке ие екендігі анықталды. Алынған нәтижелер фармакологиялық қасиеттерді одан әрі зерттеудің алғы шарттарын береді және сығындыны заманауи косметологияның перспективті құралы деп санауға мүмкіндік береді. Зерттеудің мақсаты - үш түсті шегіргүл (Viola tricolor L.) өсімдік шикізатынан экстракт алу және құрамын зерттеу. Зерттеу әдістері: экстракт алу әдісі ретінде құйынды әдіс таңдалды. Дайын экстракттың құрамы масс-спектрометриялық анықтаумен газ хроматографиясы әдісі (7890A/5975С) көмегімен анықталды. Нәтижелері: Үш түсті шегіргүл экстрактысын алу мақсатында қажетті экстрагент таңдалып, сұйық экстракт алынды. Экстракт алу құйынды әдіспен жүзеге асырылды. Экстракттың құрамындағы биологиялық белсенді заттар анықталды. Нәтижесінде 26 қосылыс бөлінді.