Аннотация
Қолға арналған косметикалық кремдер бүгінгі таңда қажетті косметикалық құралдардың бірі, өйткені қол терісі қорғалмаған және суықтан, судан, тұрмыстық химия және басқа да сыртқы ортаның қолайсыз факторлардың әсерінен көп зардап шегеді. Сондықтан қазіргі заманғы қол күтімі өнімдерді жасауда теріні нәрлендіретін, ылғалдандыратын және қорғайтын компоненттер көп қолданылады. Бұл мақалада Кәдімгі анис (Pimpinella anisum L.) тұқымдарынан Гинзберг аппаратында гидродистилляция әдісімен эфир майы алынды және оның негізінде қолға арналған нәрлендіретін кремнің оңтайлы құрамы мен технологиясы жасалды, алынған үлгілерге сапалық бақылау жүргізілді. Кремнің 9 үлгісі алынды және органолептикалық, физика-химиялық көрсеткіштер бойынша сыналды: коллоидтық тұрақтылығы, термостабильділігі, рН көрсеткіші. Сапасын сынау нәтижесінде стандартта берілген шектерге сәйкес № 9-шы үлгі болды.