Аннотация
Мақала қазіргі көп тілді білетін қазақ жастарының өз ана тілі — қазақ тілін қаншалықты қолданатынын анықтау мақсатында ұйымдастырылған сауалнама нәтижелерін талдау арқылы қазақ жастарының қазақ ауызша сөйлеу тіліне деген көзқарастарын анықтауды мақсат еткен. Осы мақсатқа жету үшін еліміздегі оқу тілі ағылшын тілінде жүргізілетін Назарбаев университеті мен Сулейман Демирель атындағы университет студенттерінен сауалнама алынды. Аталған екі жоғары оқу орнында оқитын қазақ жастарынан қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қандай мақсатта, қандай деңгейде қолданатыны, қазақ тілінде жоғары деңгейде сөйлейтін қоғамдық тұлғалардың шаршы сөздеріне көзқарастары қандай екенін және өз тілдерінің сапасын көтеруге деген ынтаниеттерін анықтайтын сауалнама ұйымдастырылып, сауалнама нәтижесіне сандық және сапалық талдау жүргізілді. Сонымен қатар, осы сауалнама барысы мен нәтижесіне сипаттама беріліп, зерттеу қорытындысы түйінделген.